Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысу үшін бақ сынайды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысу үшін бақ сынайды

Алматыдағы ADD USTEL TENNIS ORTALYGY кешенінде 18-20 сәуір аралығында үстел теннисінен Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді.

Жарыста жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына (29-шы рет өтетін) қатысу үшін төрт жолдама (жігіттер арасында — 2, қыздар арасында — 2) сарапқа салынады.

Бұл турнирде Иран, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары бақ сынайды.

Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар:

Алан Құрманғалиев, Абдулла Мамай, Нұрислам Қасым, Данян Ши, Альбина Жақсылықова, Дарья Фу, Виктория Мочалкина және Ноила Ханиязова.

Ойындар кестесі (Астана уақыты бойынша):

18 сәуір, 10:00 — қыздар:

Қазақстан — Иран

Қырғызстан — Өзбекстан


18 сәуір, 14:00 — жігіттер:

Қазақстан — Қырғызстан

Иран — Өзбекстан

 

19 сәуір, 10:00 — қыздар:

Қазақстан — Қырғызстан

Иран — Өзбекстан

 

19 сәуір, 14:00 — жігіттер:

Қазақстан — Иран

Қырғызстан — Өзбекстан

 

20 сәуір, 10:00 — қыздар:

Қазақстан — Өзбекстан

Иран — Қырғызстан


20 сәуір (қыздар ойыны аяқталғаннан кейін бірден) — жігіттер:

Қазақстан — Өзбекстан

Иран — Қырғызстан

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или