Қазақстандық маман Еуропа лигасы матчына делегат болып тағайындалды

17 сәуірде Римдегі «Олимпико» стадионында Еуропа лигасының ширек финалы аясында италиялық «Лацио» мен норвегиялық «Будё-Глимт» командалары кездеседі.
Аталған ойынға УЕФА делегаты ретінде қазақстандық маман Қуаныш Қанапиянов тағайындалды.
Айта кетейік, УЕФА матчтық делегаты – бұл ұйымның ресми өкілі ретінде матчқа жауапты тұлға. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарына төрағалық етіп, матчтың өткізілу барысын бағалайды. Сондай-ақ, делегат ойынның спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік тұрғысынан ұйымдастырылуын үйлестіреді.
Дереккөз: ҚФФ
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или