Қазақстандық спортшы әртістік жүзуден Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы әртістік жүзуден Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Хургадада (Мысыр) әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті,  деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким бұл турнирде үшінші орын иеленді.

Спортшы техникалық бағдарламада өнер көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды. Ол 211,2383 ұпай жинады.

Бұл бағдарламада бірінші орынды Қытай өкілі Ме Го жеңіп алды — 224,5450 ұпай. Екінші орынға Ұлыбритания спортшысы Ранжо Томблин ие болды — 218,7650 ұпай.

Алдияр Рамазанов алтыншы орынға тұрақтаса, Виктор Друзин сегізінші нәтиже көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или