Қазақ боксшысы Альбина Молдажанова кәсіпқой бокста бақ сынамақ

Қазақ боксшысы Альбина Молдажанова кәсіпқой бокста бақ сынамақ

Ресей құрамасының атынан өнер көрсететін 23 жастағы қазақ боксшысы Альбина Молдажанова 18 сәуір күні Челябі қаласында өтетін IBA.PRO 2 турнирінде рингке шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Альбинаның қарсыласы — отандасы Нурият Алибекова. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған және 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл екеуінің де кәсіби бокстағы дебюті болмақ.

Кештің басты жекпе-жегі — жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалев пен германиялық Артур Манн арасындағы кездесу. Бұл Ковалев үшін қоштасу жекпе-жегі болмақ. 10 раундқа созылатын бұл айқаста бірінші ауыр салмақтағы IBA Intercontinental белбеуі сарапқа салынады.

Альбина Молдажанова — 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалисі, сондай-ақ Ресей чемпионатының жеңімпазы және 2023 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының чемпионы.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или