Габон құрамасының футболшысы 28 жасында қаза тапты

2020/21 маусымында Түркия Суперлигасының үздік сұрмергені атанған Аарон Бупендза Қытайда 11-қабаттың терезесінен құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ghanasoccernet.com мәліметінше, 28 жастағы габондық футболшы қайғылы оқиға кезінде Қытайдың «Чжэцзян» клубында ойнаған және сол сәтте бауырымен бірге пәтерде болған. Құқық қорғау органдары үш нұсқаны қарастырып жатыр: суицид, қайғылы оқиға немесе кісі қолынан қаза табу.
Бупендза бұған дейін «Хатайспор», «Әл-Араби», «Цинциннати» және басқа да клубтарда өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или