«Тарихтағы ең үздік жекпе-жектердің бірі». UFC-дің жаңа файтері Топуриямен жекпе-жек өткізгісі келеді

UFC-дің жаңа файтері Аарон Пико экс-чемпион, испаниялық Илиа Топуриямен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Топурия мен Пимблетттің жекпе-жегі қалай өтер еді – тіпті білмеймін. Қарапайым ММА жанкүйері ретінде бұл жекпе-жекті диванда отырып көргім келер еді.
— Қалай ойлайсың, Топурия жеңіл салмақта табысқа жете ме? Әлде оның жартылай жеңіл салмаққа оралғанын күтіп жүрсің бе?
— Егер ол жеңістерге жетіп жатса, жартылай жеңіл салмаққа оралуы екіталай. Екінші жағынан, егер мен шыңға шығып, біздің жекпе-жегіміз «ақшалы» кездесу саналатын болса, ол оралуы мүмкін. Маған тек өз жұмысымды атқару ғана қалады.
Мен онымен октагонды бөлісуге қуанышты болар едім, бұл жекпе-жек тарихтағы ең үздіктердің бірі болар еді. Бұл кездесуде біреуіміз нокаутқа түсеміз. Біздің жекпе-жек іш пыстырарлық болмайды, – деді Пико Submission Radio басылымына берген сұхбатында.