«Атлетико» жанкүйерлері УЕФА-ны сотқа бермек: талас тудырған пенальти дауы

«Атлетико» жанкүйерлері УЕФА-ны сотқа бермек: талас тудырған пенальти дауы


Мадридтік «Атлетиконың» жанкүйерлері УЕФА-ға қарсы сотқа жүгінуді жоспарлап отыр. Бұған себеп — «Реалға» қарсы Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Хулиан Альварестің пенальтиден соққан голының күшін жою.

Ойын кезінде шабуылшының добын VAR жүйесі арқылы екі рет тигізді деген шешім қабылданған. Жанкүйерлер мұнымен келіспейді. «Атлетиконың» төрт белді фан-клубы — «Атлетико халықаралық клубтар одағы», «Лос 50», «Сенадо Атлетико» және «Сеньалес де Хумо» — бірлесіп, арнайы заңгерлер тобын құрғанын мәлімдеді. Олар видео дәлелдің өңделген болуы мүмкін екенін алға тартып отыр.

Ал УЕФА бұл оқиғаға байланысты түсініктеме беріп, жағдайды ФИФА және IFAB-пен бірге қарастыруға ниетті екенін жеткізді. Қазіргі таңда «Реал» келесі кезеңге өтті, бірақ фанаттардың бұл дауға нүкте қояр ойы жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или