Президент спорт туралы жаңа заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Sport+ Aqorda-ға сілтеме жасап.
Жаңа құжат осы саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған және футболды қоса алғанда, бірқатар түбегейлі өзгерістерді енгізеді.
Заңға сәйкес:
Шетелдік легионерлерді бюджет қаражаты мен квазимемлекеттік ұйымдардың қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады. Бұл шешім мемлекеттік бюджеттен немесе әкімдіктер арқылы қолдау алатын футбол клубтарына тікелей қатысты.
Уәкілетті орган енді мемлекеттік қолдауға үміт арта алатын басым спорт түрлерінің тізімін бекітеді. Олардың қатарына Олимпиада, Паралимпиада, Азия ойындары және басқа да халықаралық жарыстарда ұсынылған спорт түрлері, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері кіреді.
Бюджеттен қаржыландыру тек төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:
- Жоғары жетістіктер спорты (оның ішінде басым спорт түрлері);- Мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметі;- Бұқаралық спорт;- Спорттық инфрақұрылымды дамыту.- Спорт федерацияларын аккредиттеу бойынша өкілеттіктер нақтыланды — енді олар ұлттық және жергілікті болып бөлінеді. Сондай-ақ патриоттық және құндылықтық тәрбиені күшейтетін ұлттық спорттық даярлық стандарттары енгізілді.
Уәкілетті орган антидопингтік ережелерді бұзғаны үшін шаралар қабылдау құқығына ие болды.