Қазақстан тағы да Вьетнамды жеңе алмады

Қазақстан тағы да Вьетнамды жеңе алмады

Вьетнамның Хошимин қаласында Қазақстан мен Вьетнам футзал құрамалары арасындағы екінші жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz 

Аталған матчта Қазақстан құрамасы тағы да Вьетнамды жеңе алмады. Қарсыластар 2:2 есебімен тең тарқасты.

Бірінші таймда қазақстандықтар ойын тізгінін өз қолына алып, қарсылас қақпасына екі жауапсыз гол соқты. Бұл голдардың авторлары - Ерсұлтан Сағындыков пен Нұрсұлтан Пиялы. Алайда үзілістен кейін алаң иелері ойынның бағытын өзгертіп, екі гол соғып есепті теңестірді.

Айта кетейік, осы жолдастық кездесулер сериясындағы алғашқы матчта Вьетнам сенсациялық түрде Қазақстанды 4:1 есебімен жеңіп кеткен еді. 

Футзал бойынша Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) соңғы рейтингіне сәйкес, Қазақстан әлемде 7-орында тұр. Ал Вьетнам болса, 31-сатыда орналасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или