ҚФФ президенті Әйелдер лигасының жаңа маусымы туралы пікір білдірді

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров 2025 жылғы Әйелдер лигасының басталуын отандық футбол үшін тарихи сәт деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазақстанда алғаш рет әйелдер командалары арасында толыққанды чемпионат басталды. Елдің әр өңірінен келген шамамен 500 кәсіби футболшы қыз келісімшартқа отырды — бұл тек турнирдің басталуы ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы әйелдер футболын дамыту жолындағы нақты қадам. Біз үлкен өзгерістер мен жарқын болашақтың бастауында тұрмыз. Алда көптеген қызықты ойындар, жаңа есімдер мен жарқын сәттер күтіп тұр. Барша жанкүйерлерді чемпионатты қолдауға шақырамын. Ал КФФ әйелдер футболын қолдау және дамыту жұмыстарын жалғастырады», – деді Омаров федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Алғашқы турдан кейін турнир көшбасшыларының үштігіне «БИИК-Шымкент», «Атырау» және «Ақтөбе» командалары енді.
2025 жылғы маусымда Әйелдер лигасына ел біріншілігінде бақ сынайтын барлық 14 ерлер клубының әйелдер командалары қатысуда. Әр команданың құрамында кем дегенде 13 ойыншы – қазақстандық футбол мектептерінің түлектері болуы тиіс.