«Алавес» жартылай қорғаушысы Мбаппенің фолы туралы пікір білдірді

«Алавес» жартылай қорғаушысы Антонио Бланко Ла Лиганың 31-турындағы матчта «Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппенің оған қарсы жасаған фолы туралы пікір білдірді. Аталған эпизодта Мбаппе Бланконы аяғынан теуіп жіберіп, VAR қаралымынан кейін 38-минутта қызыл қағаз алған, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл матчта мадридтіктер 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
«Шын айту керек, бұл өте қатты соққы болды, бірақ футболда мұндай жағдайлар болып тұрады. Килиан кешірім сұрады, бұл — ең бастысы. Бұған одан әрі мән берудің қажеті жоқ. Біз көңіліміз түсіп қайттық, себебі ұпай алу мүмкіндігіміз болды. Соңғы минутқа дейін ойында болдық және кез келген сәтте тең есепке жетуге болатын еді. Бұл — біз жақсартуға тиіс ұсақ-түйек сәттер», — деді Бланко AS басылымына берген сұхбатында.
Антонио Бланко 2023 жылы жазда мадридтік «Реалдан» «Алавеске» ауысқан. БАҚ мәліметінше, трансфер сомасы 4 миллион еуроны құрады. 31 турдан кейін «Алавес» 30 ұпаймен 17-орында тұр. Ал «Реал Мадрид» 66 ұпаймен екінші орында орналасқан. Команда «Барселонадан» төрт ұпайға қалып келеді.