Қазақстан құрамасы тарихындағы ең табысты бапкер РПЛ клубының тізгінін ұстады

Қазақстан құрамасы тарихындағы ең табысты бапкер РПЛ клубының тізгінін ұстады

Қазақстан құрамасы мен қарағандылық «Шахтёрдің» бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев «Химки» клубының тізгінін ұстады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Серый Кардинал арнасына сілтеме жасап.

47 жастағы ресейлік маман 2021 жылы сәуірден 2022 жылдың сәуіріне дейін «Шахтёр» клубын жаттықтырды, одан кейін екі жыл бойы Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарды. Бұған дейін Ресейде ол «Ахмат», «Чайка», «Анжи» және «Легион-Динамо» клубтарында жұмыс істеген.

Жексенбі күні «Химки» өз алаңында «Крылья Советов» командасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Қазіргі таңда клуб РПЛ турнир кестесінде 12-орында тұр. 

Келесі матчын «Химки» 20 сәуір, жексенбі күні, сырт алаңда «Зенитке» қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или