ХХV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының факелі таныстырылды

ХХV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының факелі таныстырылды

ХХV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының факелі таныстырылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Халықаралық Олимпиада комитеті бүгін olympics.com сайты және әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ХХV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының факелі таныстырылған 44 секундтық видеосын жариялады.

Факелдің ресми атауы «Essential». Бұл атау оның минималистік дизайн тұжырымдамасынан шыққан. Факел дизайны тұрақты дамуға бағытталған және озық технология мен жаңартылатын энергия арасындағы тамаша теңгерімді табады.

Жобаны ХХV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының басты серіктесі, италиялық Energy Group (Eni) және оның еншілес ұйымы және іс-шараның ресми демеушісі Versalis бірге ұсынады. Факелді жобалау және әзірлеу жұмыстарын Carlo Ratti Associati студиясы атқарды.

Айта кетерлігі, «Ең ұлы саяхат» деп аталатын алау эстафетасы 63 күнге созылып, жалпы 12 мың шақырым қашықтықты бағындырады. Алау Италияның 60 эстафета пунктін аралап, ақырында 2026 жылдың 6 ақпанында Сан-Сиро стадионына жетеді.

Еске салайық, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2026 жылғы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или