Магомед Адиев қай клубты баптайтыны белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Магомед Адиев Қазақстанға келмейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz
Инсайдер Иван Карповтың хабарлауынша, бүгін «Химкидің» бас бапкері Франк Артига қызметінен босатылады. Оның орнын бұған дейін «Атырауды» тізгіндейді деп күтілген Магомед Мұсаұлы басады.
47 жастағы маман ресейлік клубпен осы маусымның соңына дейін келісімшартқа отырады деп күтілуде.
Бұған дейін Адиев «Пари НН» командасын тізгіндейді деген ақпарат тараған еді. Бірақ олар «Динамомен» тең ойнап (1:1), Виктор Гончаренконың отставкасы кейінге қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или