Лука Модрич ағылшындық футбол клубының иесі атанды

39 жастағы жартылай қорғаушы «Суонси Сити» қожайындарының бірі болады, деп хабарлайды Prosports.kz
Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімге келіп қойыпты. Бірақ клубқа қатысты шешімдерді жеке өзі қабылдай алмайды.
Бұл «Реал Мадрид» дүлдүлінің мансабына кедергі келтірмейді. Ойнауын ары қарай жалғастыра береді. Ол мадридтік клубта қалуды көздейді.
Айта кетейік, «Суонси Сити» қазір Чемпионшипте ойнайды. 54 ұпаймен 12-орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или