Алматы әкімі Михаил Шайдоровқа ақшалай сыйлық табыстады

Алматы қаласының әкімдігі әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Михаил Шайдоровты қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қала әкімдігінде спортшыны Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов құттықтап, 2,5 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификат табыс етті.
«Сіз жүздеген жас спортшыға шабыт бердіңіз. Әсіресе, сіздің жаттықтырушыңыз Әсем Қасановаға кәсібилігі мен қазақстандық мәнерлеп сырғанауды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз», - деді Шаханов.
Өз кезегінде спортшы қала әкімдігіне қолдауы үшін алғыс білдіріп, алдағы жарыстарда ел намысын қоғау үшін бәрін салатынын атап өтті.
Сондай-ақ, алматылықтар демеушілер тарапынан спортшыға екі бөлмелі пәтер кілтін табыстады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или