Армрестлингтен бірнеше дүркін әлем чемпионы атанған спортшыларға құрмет көрсетілді

Түркістан облысында армрестлингтен бірнеше дүркін әлем чемпионы атанған спортшыларға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Түркістан облысы гір спорты және армрестлинг федерациясының атынан ересектер арасында қатарынан бірнеше дүркін әлем чемпионы атанған Ерсайын Мейрамбек пен Нұрмахан Ердәулетке сый тарту етті.
Федерация тарапынан Ерсайын Мейрамбекке су жаңа CHEVROLET MONZA автокөлігін және Нұрмахан Ердаулетке 5 бөлмелі тұрғын үй сыйға берілді.
Қос спортшы да армрестлингтен Әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары. Сондай-ақ Азия чемпионаты және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы болған. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или