Каратэден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

Каратэден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

12–14 сәуір күндері Ақтаудағы Halyk Arena спорт кешенінде карате спортынан Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биылғы біріншілікке еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 400-ге жуық спортшы қатысып, жарыс жаңа рекордпен есте қалды.

Ерлер арасындағы жеңімпаздар: Мирас Әбдіқадыр (55 кг), Нұрбек Кенжебай (60 кг), Еркінбей Байтуреев (67 кг), Нұрқанат Әжіқанов (75 кг), Данияр Юлдашев (84 кг) және Дияс Ұлбек (+84 кг).

Ал әйелдер арасында үздік шыққандар: Мөлдір Жаңбырбай (50 кг), Айшабибі Шарахан (55 кг), Әсел Қанай (61 кг), Даяна Даренская (68 кг) және Софья Берульцева (+68 кг).

Жарыс қорытындысы бойынша алдағы құрлықтық және әлемдік додаларда ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или