ММА: Қазақстандық файтер OCTAGON турнирінде нокаутпен жеңіске жетті

ММА: Қазақстандық файтер OCTAGON турнирінде нокаутпен жеңіске жетті

Еуразиялық жекпе-жек лигасы 1XBET серіктестігімен ұйымдастырған аралас жекпе-жектен OCTAGON 1XBET SELECTION 50 іріктеу турнирі шараның кезекті жеңімпазын анықтады, деп жазады Prosports.kz.

Жеңіл салмақта қазақстандық екі файтер 23 жастағы Табиғат Жанатбек (1-0) мен Бақжанар Нұрланбекұлы (2-0) кездесті.

Жанатбек қарсыласының үздіксіз шабуылдарына төтеп бере алмай, жекпе-жектің екінші минутында техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.

Бақжанар Нұрланбекұлы кәсіпқой мансабындағы үшінші жеңісін тіркеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или