Владислав Васильев еуропалық клубқа маусымдағы алғашқы жеңісіне көмектесті

Владислав Васильев еуропалық клубқа маусымдағы алғашқы жеңісіне көмектесті

Беларусь премьер-лигасының төртінші турындағы өз алаңында «Сморгонды» ұтқан Бресттің «Динамосы» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. 43-минутта Артем Быков есеп ашса, Иван Зенков 74-ші минутта Бресттің басымдығын еселеді. Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Владислав Васильев «Динамо» сапында алаңға шығып, 90-минутта ауыстырылды.

Осы табысының арқасында «Динамо» бес ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орынға көтерілді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или