Бабаян Қазақстан кубогындағы матчтан кейін «Оқжетпесті» мақтады

Бабаян Қазақстан кубогындағы матчтан кейін «Оқжетпесті» мақтады

«Астана» алаң иелерін матчтан кейінгі пенальтиде ғана жеңе алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Оқжетпеспен» өткен матч жайында:

– Кубок ойындары әрдайым ауыр өтеді, оның үстіне бұл сырт алаңдағы матч, ал алаңның сапасы көңілден шықпады. Қарсылас та өте төмен орналасып, тығыз қорғанысты таңдады. Бірінші таймда олардың екі қарымта шабуылы болды, екеуі де біздің тараптың қателігінен деуге болады, сол шабуылдардың бірінде бізге гол соғылды. Бірінші таймда біз де бірнеше мүмкіндік жасадық, ал екінші тайм мен қосымша уақытта ойынды толық бақылауда ұстадық. Көп соққы, гол соғатын сәт, стандарт, фланг арқылы берілген пас болды, бірақ, өкінішке қарай, бір ғана гол соға алдық. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. Бүгін әдеттегідей емес құрам ойнады, барлығына ойын тәжірибесі қажет болды. Қорғаныста және ауысу фазаларында әлдеқайда жақсы ойнауымыз керек, әсіресе бірінші тайм бұл жағынан ұнамады, кейінгі бөлігінде аса қиындық болмады.

95-96 минутқа дейін сәттер болды – сол кезде Астанов пен Басманов гол соғуға жақын еді, бірақ сәл ғана сәттілік жетіспеді. Кейін қосымша уақыт берілді, ол кезде де өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық, пенальти сериясы басталды – бұл нағыз лотерея, бастысы кездесу осылай аяқталғаны жақсы болды. Көңіл қуантатыны – келесі кезеңге өттік, бүгін алаңға шыққан жігіттер ойын тәжірибесін жинады, барлық ауыстырулар жоспарлы түрде өтті. Бұл жағынан бәрі жақсы – ойын қарқыны мен жүктеме жеткілікті болды.Бізбен бірге Көкшетауға жарақатына байланысты Ннамди мен Санжар Ануаров келе алмады.Қарсылас команданы да атап өту керек – олар қорғаныста сапалы ойнады, үлкен күш салып, бар эмоциясын берді. Бұл – олар үшін маңызды матч болды, өйткені «Астанамен» ойнады, демек керек деңгейде, сақадай сай дайындықпен шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или