Килиан Мбаппе «Барселонамен» матчқа қатыспауы мүмкін

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе «Алавеске» қарсы өткен Ла Лиганың 31-ші турында алған қызыл қағазы үшін Испания кубогының финалындағы «Барселонаға» қарсы ойынды өткізіп алуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Marca жазды.
Испания чемпионатының матчында француз футболшысы «Алавестің» жартылай қорғаушысы Антонио Бланкоға қарсы дөрекі ойнағаны үшін тікелей қызыл қағаз алды. Сол үшін ойыншы келесі 1-3 ойынға дисквалификация алуы мүмкін.
Жаза мерзімі туралы соңғы шешімді Жарыс комиссиясы қабылдайды. Бұл матчтың төрешісі Сезар Сото Градо ойыннан кейінгі ресми есепте не жазғанына байланысты болады.
26 сәуірде «Барселонаға» қарсы кубок финалына дейін «Реал» лигада «Атлетик» пен «Хетафемен» ойнайды.
Мбаппе мадридтік клуб сапында 47 матчта 32 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.