MLS: «Интер Майами» Мессимен бірге матчты голсыз аяқтады

MLS: «Интер Майами» Мессимен бірге матчты голсыз аяқтады

«Чикаго Файр» өз алаңында «Интер Майамиді» қабылдаған MLS матчы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Чикагодағы Солдат Филдте өтіп, 0:0 есебімен тең аяқталды.

«Интер Майами» шабуылшылары Лионель Месси мен Луис Суарес талаңда толық матч өткізді. 

Интер Майами MLS Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде жеті турдан кейін 15 ұпаймен төртінші орында тұр. Чикаго сегіз ойында 12 ұпаймен сегізінші орында.

Келесі MLS матчында «Интер Майами» Колумбус Крумен, ал Чикаго Цинциннатимен кездеседі. Кездесулер сәйкесінше 19 және 20 сәуірде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или