«Қызылжар» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды

«Қызылжар» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Сербиялық маман Милич Чурчич «Қызылжар» командасына бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Бұл туралы петропавлдық клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді. 

«Милич Чурчич 2023 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың маусымына дейін «Тобол» футбол клубын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда 2023 жылы Қазақстан Кубогын, ал 2024 жылы Суперкубокты жеңіп алды.

Сондай-ақ, Чурчич ассистент және бас бапкер ретінде әртүрлі клубтар мен құрамаларда жұмыс істеген. Атап айтқанда, «Атырау», Сербияның «Пролетер», Иранның «Зоб Ахан» клубтары, Ливанның жастар құрамасы және Беларусь чемпионы атанған «Шахтёр» (Солигорск) клубы бар.

Бапкерлік штабқа сербиялық жастар және ұлттық құрамалармен жұмыс істеген Иван Евич, сондай-ақ физикалық дайындық бойынша тәжірибелі маман Евгений Кресик кірді», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или