Вьетнамға есе жіберген Қазақстан: күтпеген нәтиже

Вьетнамға есе жіберген Қазақстан: күтпеген нәтиже


Футзалдан Қазақстан құрамасы Хошиминде Вьетнам құрамасымен жолдастық матч өткізді. Көпшілік фаворит санаған біздің жігіттер бұл ойында 1:4 есебімен ұтылып қалды.

Кездесудің 14-минутында алаң иелері есеп ашты. Екінші таймда Ержан Карменов 33-минутта таразы басын теңестіргенімен, соңына қарай вьетнамдықтар шабуылды үдетіп, 39-минутта қайта алға шықты. Артынша қазақстандықтардың қақпасына екі рет жауапсыз гол соқты.

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 7-орында тұр. Ал Вьетнам 31-сатыда орналасқан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или