«Ордабасы» Алматыда жеңіске жетіп, ширек финалда «Қайратпен» жолығады

«Ордабасы» Алматыда жеңіске жетіп, ширек финалда «Қайратпен» жолығады


Қазақстан кубогының 1/8 финалында алматылық «Хан-Тәңірі» өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» қабылдады. Қонақтар бұл ойында басымдық танытып, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің алғашқы голын 25-минутта Эвертон Мораес соқты. Ал екінші тайм басталған бетте Шериф Жимо есепті еселей түсті. 90+1 минутта Антич қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды, дегенмен есеп өзгермеді.

Осылайша, «Ордабасы» ширек финалға жолдама алып, енді «Қайратпен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или