«Құлагер» ойыншысы айлап жалақысыз жүр: тіпті спорт сарайында түнеуге мәжбүр

«Құлагер» ойыншысы айлап жалақысыз жүр: тіпті спорт сарайында түнеуге мәжбүр


«Құлагер» хоккей клубының қорғаушысы Алексей Дерзаев командадағы қиын жағдайды ашық айтты. Оның сөзінше, ойыншылар бірнеше айдан бері жалақы алмаған.

— Ақпан айында қаңтардың жалақысының 15-20 пайызы ғана берілді. Содан бері ақша көрген жоқпыз. Мұның клуб басшылығына қатысы жоқ екенін, мәселе жоғары жақта екенін айтып жатыр. Директор үнемі байланыста, бірақ ақша әлі түскен жоқ, — деді ол «Головой об лед» Telegram-арнасына берген сұхбатында.

Алексейдің өзі – басқа қаладан келген ойыншы. Қазір Петропавлдағы мұз сарайының ішінде орналасқан медициналық бөлмеде түнеуге мәжбүр. «Маған ұят емес. Мен қарызға батқым келмейді. Аз да болса ақша тауып үлгердім. Ал жас ойыншылар өмір сүру үшін қарыз алып жүр», – дейді қорғаушы.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының 2024/25 жылғы маусымында «Құлагер» 40 матчтың қорытындысы бойынша 28 ұпай жинап, 10-орын алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или