«Қызылжарда» бапкер ауысты: Бразевич орнын босатты

«Қызылжарда» бапкер ауысты: Бразевич орнын босатты


«Қызылжар» футбол клубы бас бапкер Александр Бразевичтің қызметтен кеткенін ресми түрде хабарлады. Сонымен қатар оның көмекшісі Игорь Тарловский де командадан кетті.

Беларусь маманының басшылығымен петропавлдық ұжым Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы төрт турында бірде-бір жеңіске жете алмады. Қазір клуб турнир кестесінде екі ұпаймен 11-орында тұр.

Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында сербиялық маман Милич Чурчичтің «Қызылжардың» тізгінін ұстауы мүмкін екені жөнінде ақпарат тараған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или