ҚПЛ. «Қызылжар» бас бапкерімен ресми қоштасты

«Қызылжар» беларусь маманы Александр Бразевичтің команданың бас бапкері қызметінен кеткенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онымен бірге Қызылжардан Бразевичтің көмекшісі Игорь Тарловский де кетіп бара жатқаны хабарланды.
Қазақстан Премьер-лигасының төрт турынан кейін петропавлдық клуб бірде-бір жеңіске жете алмай, екі ұпаймен турнир кестесінде 11-орында тұр.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ команда бапкері қызметіне серб маманы Милич Курчичтің тағайындалғанын хабарлаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или