Ла Лига: «Барселона» автоголдың арқасында жеңіске жетті

Испания Ла Лигасының 32-ші турында «Барселона» сырт алаңда «Леганесті» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу минималды 1:0 есебімен «Барсаның» жеңісімен аяқталды. 48-минутта «Леганес» қорғаушысы Хорхе Саенц допты өз қақпасына бағыттап алды.
Осы жеңістің арқасында «Барселона» 70 ұпай жинап, «Реалдан» жеті ұпай алға озды, бірақ мадридтік клуб 31-турдағы ойынын әлі өткізген жоқ. «Леганеске» келетін болсақ, команда 31 ойыннан кейін бар болғаны 28 ұпаймен соңғы 19-шы орында тұр.
Келесі турда «Барселона» «Сельтаны» қабылдаса, «Леганес» сырт алаңда «Мальоркамен» ойнайды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или