Роналдуның дублі «Әл-Насрды» көшбасшылар қатарына қайтарды

12 сәуірден 13 сәуірге қараған түні Сауд Арабиясының Про-лигасындағы 27-тур аясында «Әл-Наср» командасы «Әл-Риядпен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында басты қаһарман – Криштиану Роналду. Португалиялық шабуылшы сегіз минут ішінде қос гол соғып, командасын алға шығарды.
Айта кетейік, Роналду бұл қатарынан екінші матчта дубль жасап отыр. Бұған дейінгі турда да ол «Әл-Хиляль» қақпасына екі гол соғып, командасына 3:1 есебіндегі жеңісті алып келген болатын.
Бұл жолғы үш ұпай «Әл-Наср» үшін аса маңызды болды. Негізгі қарсыластары ұпай жоғалтқан соң, команда арақашықтықты бір ғана ұпайға дейін қысқартты. Қазір «Аль-Наср» 57 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или