Гимнаст Милад Карими Хорватиядағы Әлем кубогының кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде еркін жаттығулар бағдарламасы бойынша қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы финалда Израиль спортшысы Артем Долгопят мен АҚШ өкілі Иваи Юнносукеге жол берді.
Осылайша Милад төрешілердің шешімімен 13.966 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Карими осы Әлем кубогының кезеңінде кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында да өнер көрсетеді. Сонымен қатар ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов медаль үшін бақ сынайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или