Дрейк Волкановскидің жеңісіне 545 мың доллар тікті

Танымал рэпер Дрейк Александр Волкановскидің жеңісіне 545 мың доллар бәс тікті, деп хабарлайды Prosports.kz.
13 сәуірге қараған түні Майамиде өтетін UFC 314 турнирінің басты жекпе-жегінде аустралиялық спортшы жартылай жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу үшін Диего Лопеспен кездеседі.
Букмекерлік ортада Дрейк ірі бістермен көп ұтылатынымен танымал. Осыған байланысты тіпті «Дрейктың қарғысы» деген әзілдер де тараған.
Айта кетейік, Волкановски соңғы төрт жекпе-жегінің үшеуінде жеңіліп қалған — екі рет Ислам Махачевтан, ал соңғы рет Илия Топурияға титулдық кездесуде есе жіберді. Ал Лопес UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде Мовсар Евлоевтен жеңілгеннен кейін қатарынан бес жеңіске қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или