«Ливерпуль» Мохамед Салахтың клубта қалатынын жариялады

Ағылшындық «Ливерпуль» клубы мысырлық шабуылшы Мохамед Салахпен келісімшартты ұзартқанын жариялап, футболшының таққа отырған суретін әлеуметтік желісінде «Ол қалады» деген жазумен жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Салах мерсисайдтарға 2017 жылдың жазында қосылды. «Ливерпуль» құрамында мысырлық Англия чемпионатын, барлық ішкі кубоктарды, Чемпиондар лигасын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.
Осы маусымда Мохамед барлық жарыстарда 43 матч өткізіп, 32 гол соғып, 22 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталында берілген ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтағы құны 55 миллион еуроны құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или