DAZN Әлімханұлы мен «Канело» арасындағы жекпе-жектің күнін жариялады

DAZN Әлімханұлы мен «Канело» арасындағы жекпе-жектің күнін жариялады

DAZN ресми сайты орта салмақтағы IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен екінші орта салмақта үш титул иегері, мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жектің өту ықтималдығын бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жекпе-жек 2026 жылға дейін өтуі екіталай. Себебі Альварестің 2025 жылдың қалған айларына кестесі тығыз.

«Канелоның» келесі жекпе-жегі 3 мамырға белгіленген — Сауд Арабиясында ол жеңіліп көрмеген панамалық боксшы Вильям Скуллмен кездеседі. Скуллды жеңу Альвареске екінші орта салмақта екінші рет абсолют әлем чемпионы атануға мүмкіндік береді.

«Канелоның (Скуллды жеңген жағдайда) қыркүйекте Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізуіне жол ашылады деп күтіліп отыр. Егер ол 2025 жылы екі жеңіске қол жеткізе алса, онда 2026 жылы суперорта салмақта Әлімханұлын қарсы алуға дайын болуы мүмкін», – деп жазады DAZN.

Айта кетейік, Әлімханұлы жақында ғана франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-1, 9 KO) өткен жекпе-жекте титулдарын сәтті қорғап шықты. Ол қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или