Ламин Ямаль Чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатты

«Барселонаның» жас шабуылшысы Ламин Ямаль УЕФА Чемпиондар лигасында тарихи жетістікке қол жеткізді. Prosports.kz мәліметінше, ол 18 жасқа толмай тұрып, аталмыш турнирде 20 матч өткізген алғашқы футболшы атанды.
Жасы 17-де болса да, Ямаль алаңда тәжірибелі ойыншылардай ойнап жүр. Биылғы маусымда ол «Барса» сапында барлық турнирде 43 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 20 нәтижелі пас берген.
Футболшының клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Қазіргі таңда ол каталондық клубтың болашағы ретінде қарастырылып, жанкүйерлердің үмітін арқалап келеді.
Transfermarkt порталының бағалауынша, Ламин Ямальдың нарықтағы құны – 180 миллион еуро.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или