Қазақстандық теннисші Франциядағы халықаралық турнирде өнер көрсетеді

11–13 сәуір аралығында Францияның Мец қаласында үстел теннисінен WTT Youth Star Contender Metz халықаралық турнирі өтеді.
Жарысқа 19 жасқа дейінгі (U19) спортшылар қатысады. Бұл турнирде ел намысын Алан Құрманғалиев қорғайды.
Байрақты бәсекеге әлемнің көшбасшы теннисшілері қатысады: Ли Сынсу (Оңтүстік Корея, халықаралық рейтингте 4-орын), Анкур Бхаттачарджи (Үндістан, 6-орын), Флавиен Котон (Франция, 7-орын), Хунг Цзин-Кай (Тайбэй, 15-орын).
Алан жекелей сында және Коннор Гринмен (Англия) жұптық сында өнер көрсетеді.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или