Анкалаев Перейрамен реванштың қашан өтетінін жариялады

Жартылай ауыр салмақтағы қазіргі UFC чемпионы ресейлік Магомед Анкалаев екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы UFC чемпионы Алекс Перейрамен реванш 2025 жылдың тамызында Чикагода келесі UFC турнирлерінің бірінде өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Тамыз айында «Үлкен Анк» сізді «Чикаго Буллз» стилінде жеңу үшін осында келеді», - деп жазды Анкалаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Анкалаев пен Перейра арасындағы алғашқы жекпе-жек 2025 жылдың наурыз айында өтіп, төрешілер шешімімен Анкалаев жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или