«Легия» — «Челси»: «Ақсүйектер» текетірес тағдырын алғашқы ойында шеше ала ма?

2024/25 жылғы Конференция лигасының ширек финалында «Легия» — «Челси» матчы өтеді. Өзін жеңіл салмақты боксшылар арасына кіріп кеткен крейсердей сезініп жүрген лондондық команда жартылай финал жолдамасын алғашқы матчта-ақ шешіп тастағысы келеді. Бұл ойы жүзеге аса ма?
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Легия»
Команда Конференция лиганың жалпы кезеңінде жетінші орынға ие болып, 1/8 финалға тікелей жолдама алды. Ол кезеңде «Мольдемен» кездесті. Гонсало Фейо шәкірттері сырт алаңда 2:3 есебімен жеңілгенімен, өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын қосымша уақытқа жалғасып, польшалық команда тағы бір гол соғып, келесі кезеңге өтті. Енді турнир чемпионы атанудан басты үміткер командамен кездескелі отыр.
«Легия» кейінгі алты матчтың бесеуінде кем дегенде екі гол соқты. Сондай-ақ соңғы бес матчтың үшеуінде қақпасын гол жіберген жоқ.
«Челси»
Лондондық клуб Конференция лигасының негізгі кезеңінде жеңіске жетіп, тікелей 1/8 финалға өтті. Алғашқы плей-офф кезеңінде Энцо Маресканың шәкірттері «Копенгагенді» жарыс жолынан шығарды. Екі кездесуде «Челси» 1:0 және 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына көп қиындықсыз шықты. Қазір «ақсүйектер» Конференция лигасында сегіз матчтан тұратын жеңісті сериясын жалғастырып жатыр, лондондық клуб Польшада осы мінсіз статистиканы бұзғысы келмейді.
Айта кетейік, англиялық клуб чемпионаттың жалпы кезеңінде қазақстандық «Астанамен» кездесті. Алматыда өткен матчта қонақтар 3:0 есебімен жеңіске жетті.
«Челси» сырт алаңда өткізген кейінгі бес ойынның біреуінде ғана жеңіске жетті. Сондай-ақ, соңғы бес кездесудің төртеуінде қақпасын гол өткізген жоқ.
Матч Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі бұл кездесуге мынадай коэффициенттер ұсынып отыр: «Челисдің» жеңісі – 1.55, тең ойын – 4.35, «Легияның» жеңісі – 5.80. Ал екі ойынның қорытындысы бойынша жартылай финалға өту мүмкіндігі мынадай бағалананды: «Челси» – 1.07, «Легия» – 8.40.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.