Дәулет Орынбасар — қазақ футболындағы тағы бір талант

Tанымал «Rising Stars XI» X-парақшасы Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы, 16 жастағы Дәулет Орынбасар жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Дәулет Орынбасар — QJ League, яғни Қазақстанның жоғары жастар лигасындағы ең көп гол мен ассист жасаған ойыншы. Ол тіпті «Челси» клубымен келісімшартқа отырған Дастан Сатпаевтан да озып түсті. Нағыз вундеркинд», - деп жазады ресурс.
Жас талант 17 матчта 28 гол соғып, 14 голдық пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или