Англияның 13 және 14-командалары еурокубок үшін күресте. Еуропа лигасының 1/4 финалы жайында

«Будё-Глимт» пен «Лионнан» басқа барлық командалар 2024/25 жылғы Еуропа лигасының ширек финалына дейін кемінде бір рет УЕФА кубогының немесе Еуропа лигасының финалында ойнаған. Ең көп титул иеленген командалар – «Тоттенхэм» мен «Айнтрахт». Бұл клубтар Еуропаның екінші маңызды турнирін екі реттен жеңіп алған. Олардың ширек финалда бір-бірімен кездесуі тіпті қызығырақ болмақ. 10 сәуірде өтетін осы және басқа да ойындарды қысқаша талқылаймыз.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Тоттенхэм» – «Айнтрахт» Франкфурт
Бұл командалар бір-бірімен үш жыл бұрын Чемпиондар лигасында кездескен болатын. Ол кезде алғашқы матчта есеп ашылмаған (0:0), ал қарымта ойында Антонио Конте жаттықтырған «Тоттенхэм» 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Футбол жанкүйерлері арасында «Тоттенхэмнің» топ-клуб мәртебесі жиі күмән тудыратынына қарамастан, олардың алдағы кездесуге Премьер лигадан төмендеу аймағына жақын команда ретінде келіп отырғаны таңғалдырады. Қазіргі уақытта команда 14-орында тұр. Әрине, біріншіліктен ұшып кетпейді, бірақ жанкүйерлер үшін, әсіресе Постекоглудың отставкасын талап етіп жүргендер үшін бұл маусым – ұзақ жылдар бойы еске түсетін ауыр естелікке айналмақ. Клубты тек Еуропа лигасы құтқара алады. Себебі бұл осы маусымдағы жеңіп алуы мүмкін соңғы трофей болып саналады. Жалпы кезеңде «Тоттенхэм» төртінші орынға көтеріліп, плей-оффты бірден 1/8 финалдан бастады. Онда алғашқы матчта «АЗ-дан» жеңіліп, қарымта кездесуде 3:2 есебімен жалпы жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.
Ал «Айнтрахт» керісінше, клуб тарихындағы ең сәтті маусымдардың бірін өткізіп жатыр: Чемпиондар лигасына жолдама беретін аймақта және Бундеслиганың қола медалі үшін күресіп жатыр. Қыста шабуылдағы көшбасшысы Омар Мармуш клубтан кеткенімен, бұл командаға ауыр соққы болмады. 2024/25 жылғы Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Айнтрахт» та, лондондықтар сияқты, үздік сегіздікке кірді. 1/8 финалда немістер «Аякс» клубын 6:2 жалпы есебімен жеңіп шықты. Ал 2022 жылы «Айнтрахт» Лига Еуропасын жеңіп алған және бұл жетістікті қайталауы әбден мүмкін.
Матч Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады, ал Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі бұл кездесуге арналған коэффициенттерді ұсынады: «Тоттенхэмнің» жеңісі – 1.76, тең ойын – 4.10, «Айнтрахттың» жеңісі – 4.25. Екі ойынның қорытындысы бойынша жартылай финалға өту мүмкіндігі мынадай бағалананды: «Тоттенхэм» – 1.65, «Айнтрахт» – 2.24.
«Лион» – «Манчестер Юнайтед»
«Лион» ешқашан тарихында «Манчестер Юнайтедті» жеңіп көрмеген. Бұл екі команда ресми матчтарда төрт рет кездескен: 2004/05 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде және 2007/08 жылғы маусымда плей-оффта. Ол кездер француз командасының «алтын кезеңі» болатын, бірақ бұл кезең артта қалды.
Бүгінде «Лион» Франция біріншілігінде ортаңқол клуб ретінде бағаланады. Соңғы рет олар чемпиондықты 2008 жылы жеңіп алған, ал үздік үштікке 2019 жылы енген. Осы маусым команда үшін сәтсіз басталды, алайда қысқа қарай ойыны жақсара бастады. Қаңтарда команда тізгінін Фонсека ұстады, оның келуімен «Лион» 11 матчтың 8-інде жеңіске жетті. Әсіресе шабуыл шебіндегі ойыншылардың формасы ерекше қуантады: Ляказетт, Микаутадзе, Шерки және қыста келген Альмада жақсы өнер көрсетіп жүр. Еуропа лигасында «Лион» жалпы кезеңде үздік сегіздікке енді, бұл оларға бірден 1/8 финалдан бастауға мүмкіндік берді. Сол кезеңде Фонсека шәкірттері румыниялық ФКСБ клубын 7:1 жалпы есебімен тас-талқан етті.
«Манчестер Юнайтед» болса, «Тоттенхэм» секілді, 2024/25 жылғы АПЛ маусымын ұмыт қалдырғысы келеді. Алайда Еуропа лигасында олар әлі де күресуге мәжбүр. Бұл турнирде команда өзін басқа қырынан көрсетіп жүр – әр тур сайын сенімді ойын көрсетіп жатыр. Мысалы, топтық кезеңді олар үшінші орынмен аяқтап, плей-оффта испаниялық «Реал Сосьедадты» екі ойын қорытындысы бойынша 5:2 есебімен сенімді жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі бұл ойынға келесі коэффициенттерді ұсынды: «Лионның» жеңісі – 2.58, тең ойын – 3.38, «Манчестер Юнайтедтің» жеңісі – 2.74. Жартылай финалға шығу мүмкіндігі: «Лион» – 2.56, «МЮ» – 1.51.
Бұл матчтардан бөлек, бейсенбі күні Еуропа лигасында «Буде-Глимт» пен «Лацио» кездеседі, ойын Қазақстан уақытымен 21:45-те өтеді. Tennisi.kz мұнда норвегиялық команданың жеңісіне 3.38 коэфициентін ұсынып отыр, тең есепке 3.50, ал «Лационың» жеңісіне – 2.14. Алаң иелері жартылай финалға өтеді деген бәске 3.68 коэффициенті, ал қонақтар жартылай финалға жолдама алады бәсіне - 1.28 коэфициенті берілген. Тағы бір ойында «Рейнджерс» пен «Атлетик» Бильбао күш сынасады. Алаң иелерінің жеңісі – 3.72, қонақтардың жеңісі – 2.02, тең есеп – 3.52 коэфициентімен бағаланған. Баскілердің жартылай финалға өтуі 1.23 коэффициентімен, шотландиялық команданың өтуі 4.15 коэффициенті бойынша бағаланады.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.