Хабиб тағы даудың астында қалды

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы әрі Даңқ залының мүшесі Хабиб Нурмагомедов тағы да салық мәселесіне тап болды. Бұл жолы Ресейдің Федералды салық қызметі оның банк есепшотын қайта бұғаттады. Бұл туралы Prosports.kz «Mash на спорте» Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Негізгі себеп – 2024 жылғы табыс туралы декларацияны өткізбеуі. Айта кетейік, бұған дейін, яғни 2023 жылы да осындай жағдай болған. Ол кезде Хабибтің 320 миллион рубль көлемінде берешегі бар екені анықталып, оның Дагестандағы үйі мен алты қымбат көлігі тәркіленген болатын.
Қазіргі уақытта Нурмагомедов Ресейде жүр. Ол туған жері – Дағыстанның Сильди ауылында командасымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или