Рибери Чемпиондар лигасының басты фаворитін атады

«Баварияның» бұрынғы жұлдызы Франк Рибери мюнхендік клуб пен италиялық «Интердің» алдағы Чемпиондар лигасындағы ойынына пікір білдірді. Бұл жөнінде Prosports.kz Euro-football.ru сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Француз сарапшы бұл кездесудің нәтижесін болжау қиын екенін айтты. Оның айтуынша, «Бавария» бұрынғыдай басым ойнап жүрген жоқ, ал «Интер» қазіргі таңда өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр.
«Иә, “Бавария” – әрқашан мықты клуб. Бірақ қазіргі “Интер” де сол деңгейде. Тіпті бүкіл турнирді ұтып кетуі мүмкін», – деп келтіреді Риберидің сөзін Football Italia.
Айта кетейік, «Бавария» мен «Интер» арасындағы алғашқы ширек финалдық матч 8 сәуір, сейсенбі күні өтеді. Кездесудің басталуы — Астана уақытымен 01:00.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или