Лондонда «Арсенал» «Реалды» ойсырата жеңді

Лондонда «Арсенал» «Реалды» ойсырата жеңді


Лондонда өткен Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы ойында «Арсенал» өз алаңында мадридтік «Реалды» 3:0 есебімен тас-талқан етті, деп жазады Prosports.kz.

Матчтың басты батыры – Деклан Райс. Ол екінші таймда екі бірдей гол соғып, командасын алға жетеледі. Ең қызығы – екі гол да айып добынан соғылған. Райс 58 және 70-минуттарда мергендігімен көзге түсті.

Одан кейін көп ұзамай, 75-минутта Микель Мерино үшінші голды салып, матчтың нүктесін қойды. «Арсенал» жанкүйерлерінің алдында керемет өнер көрсетті.

Енді қарымта кездесу 16 сәуірде Мадридте өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или