Қазақстан мен Өзбекстан жауынгерлері ММА турнирінде кездеседі

Белгілі қазақстандық жеңіл салмақтағы өкіл Данияр Оңғар (7-3) Алматыда өтетін OCTAGON 71 турнирінде өзінің келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz
Тәжірибелі жауынгердің қарсыласы өзбек ММА мектебінің өкілі Джавохир Имамов болады (8-4). Жекпе-жек турнирдің басты кардында 19 сәуірде өтеді.
Еске сала кетейік, 19 сәуірде Алматыда өтетін кештің басты шайқасында Аян Тұрсын алғаш рет Қырғызстан өкілі Фарида Абдуевамен (4-1) өтетін жекпе-жекте титулды қорғайтын болады.
Ко-мейн ивентте жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу үшін өзбек файтері Сардор Худойбердиев (8-3) және Қырғызстаннан атаққа бұрынғы үміткер Арген Әбдіқадыр уулу (9-1) таласады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 71 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Алматыда өтетін OCTAGON 71 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады