Триатлоннан Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшылардың нәтижелері

Гонконгте триатлоннан (спринт) Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасынан ең үздік нәтиже Егор Крупяковқа тиесілі — ол сегізінші орынды иеленді.
Темірлан Теміров 15-ші, Аян Бейсенбаев 16-шы, Дарын Қонысбаев 17-ші, Арлан Жанабай 18-ші, Александр Тен 25-ші, ал Мейірлан Ысқақов 29-шы болып мәреге жетті.
Әйелдер арасында Диана Ержанова 19-шы, ал Милена Саприна 37-ші орын алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или