Қазақстандық бадминтоншы Азия чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды

Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Нинбо қаласында (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионатының іріктеу кезеңінен сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz
25 жастағы спортшы алғашқы кездесуінде Бангладештен келген Абдус Соад Хандокарды 21:18, 21:6 есебімен жеңсе, екінші ойында мьянмалық Хейн Хтутты 21:12, 21:6 нәтижесімен ұтты. Осылайша турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды.
Енді Панарин 1/16 финалда әлемдік рейтингте 36-орында тұрған үндістандық Киран Джорджпен кездеседі. Ал Дмитрийдің өзі қазіргі таңда халықаралық рейтингте 78-сатыда тұр.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан атынан сынға түскен Камила Смағұлова іріктеу кезеңінде екі матчта да жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или