OCTAGON 71 турнирінде медиалық жекпе-жек өтеді

Алматыда өтетін OCTAGON 71 турнирінің кезекті жауынгерлері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақ лимитіндегі кезекті медиалық жекпе-жекте тәжік жауынгері Бақтиер Тилаев (0-1) және BMF титулына жетуге ниетті Қазақстанның дебютанты Дамир Рахымжанов кездеседі.
Еске сала кетейік, OCTAGON 70 турнирінде жеңіл салмақтағы BMF титулын Тәжікстаннан келген медиа жауынгері Камил Каратені (7-3) нокаутқа түсірген танымал қазақстандық актер және күрескер Еркебұлан Тоқтар (10-3) иеленді.
19 сәуірде Алматыда өтетін кештің басты шайқасында Аян Тұрсын алғаш рет Қырғызстан өкілі Фарида Абдуевамен (4-1) өтетін жекпе-жекте титулды қорғайтын болады.
Ко-мейн ивентте жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу үшін өзбек файтері Сардор Худойбердиев (8-3) және Қырғызстаннан атаққа бұрынғы үміткер Арген Әбдіқадыр уулу (9-1) таласады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 71 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Алматыда өтетін OCTAGON 71 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады