Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатына дайындық аясында Австрия және Венгриямен кездеседі

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатына дайындық аясында Австрия және Венгриямен кездеседі


6 сәуірде «Барыс Аренада» шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны ресми түрде басталды.

Кеңейтілген қаралым тізіміне 40-тан астам хоккейші енді.

9 және 10 сәуір күндері жасөспірімдер құрамасы «Номад» командасымен екіжақты кездесулер өткізеді. Ал 12 сәуірде Венгрияға аттанып, дайындықты сол жерде жалғастырады.

15 сәуірде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Венгриямен жолдастық матч өткізсе, 17 сәуірде Австриямен кездеседі.

Ал 20 сәуірде Венгрияның Секешфехервар қаласында жастар арасындағы әлем чемпионатының IА дивизионы басталады. Бұл турнирде Қазақстан құрамасы топ-дивизионға өту үшін Австрия, Дания, Венгрия, Словения және Украина құрамаларымен бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или