Мбаппе «Алтын доп» пен Чемпиондар лигасының біреуін таңдады

Мадридтің «Реалында» өнер көрсетіп жүрген Килиан Мбаппе жеке жетістіктен гөрі командалық табысты маңызды санайтынын мәлімдеді. Бұл туралы RMC Sport-қа берген сұхбатында айтты, деп жазады Prosports.kz.
«“Алтын доп” – әрине, үлкен марапат. Бірақ мен әрқашан “Реал” ойыншысы болу – баға жетпес сезім деп айтып жүрмін. Менің басты мақсатым – Чемпиондар лигасын жеңіп, клуб тарихына ену. Гол соққанды жақсы көремін, бірақ ең маңыздысы – командамен бірге Примера мен Чемпиондар лигасында топ жару», – деді шабуылшы.
Мбаппе корольдік клубқа 2025 жылғы жазда ауысты. Ол командамен 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойған.
Transfermarkt порталының мәліметінше, оның қазіргі нарықтағы бағасы 160 миллион еуро. Дегенмен Мбаппе үшін баға емес, жеңіс маңыздырақ екенін өзі ашық айтып отыр.